"Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында Ираннан келген әлеуетті инвесторлармен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 21 қазанында "Ақтау теңіз порты" АЭА " АҚ Басқарма төрағасы А.Т. Қабашев Иранның ірі порттарының бірі болып табылатын Астара портына иелік ететін Иранның "Kaveh" компаниясының басшылығымен және өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында өңірде порт салу жоспарлары таныстырылды, "Порт аймағы" болып табылатын "Ақтау теңіз порты"АЭА № 7 қосалқы аймағының аумағымен таныстыру жүргізілді. АЭА қызметімен танысу қорытындысы бойынша инвесторлармен өңірдің көліктік-логистикалық әлеуетін дамытуға бағытталған бірқатар шешімдер қабылдау жоспарлануда.

Астара порты Каспий теңізінің жағасында шамамен 60 га жерде орналасқан, барлық қажетті инфрақұрылымы бар, Иранның Азия, Африка және Еуропа арасындағы сауда арналарында жұмыс істейтін алғашқы жеке сектор порты болып табылады, Әзірбайжан Республикасымен Теңіз, Құрлық және теміржол шекарасы бар. 

Желілерде бөлісу:

  • 154